Оқиға

Алматы-Семей бағытындағы ұшаққа артық жолаушы кіріп кеткен

  • Алматы-Семей бағытындағы ұшаққа артық жолаушы кіріп кеткен

    Алматы-Семей бағытындағы ұшаққа артық жолаушы кіріп кеткен

 Алматы-Семей" рейсі артық жолаушыларға байланысты кешікті, - деп хабарлайды Arnapress.kz.

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Алматыдан Семейге кешігіп шығуға мәжбүр болды, себебі бортта басқа рейстің жолаушысы жүрген.

Куәгерлердің айтуынша, ұшу уақыты сағат 10:55-те болуы керек еді, бірақ жолаушылар алдымен ұшаққа кіргізіліп, кейін шығарылған.

"Артық жолаушы анықталды дейді. Басқа рейстің жолаушысын анықтау үшін отырғаннан кейін қайта шығып, кіруге тура келді", - деді оқиға куәгерлерінің бірі.

Flyarystan баспасөз қызметі бортта шынымен артық жолаушы болғанын растады.

"Жолаушы басқа рейстен шығып, бортқа кірген. Мұндай жағдайларда барлық жолаушы түседі. Бөтен біреуге кіруге болмайды. Бұл жағдайда бәрі шығарылады, борт тексеріледі. Бұл стандарт жағдай", - деп түсіндірді авиакомпания өкілдері.

Енді бұл түсінбеушіліктің не себеппен болғанын анықтау керек.

"Тергеу болады: әуежай қызметкерлері қателікке жол берді ме немесе мұның бәрі қалай болды. Бұл уақытты қажет етеді. Болып тұрады, иә. Бұл адами фактор, тексеру кезінде қате кетті ме, білмеймін. Сирек болса да мұндай жағдай кездеседі", - деп қорытындылады баспасөз қызметі өкілі.

Болған оқиғаға байланысты ұшақ жоспарланған уақыттан 40 минутқа кеш шықты. Қазіргі уақытта борт Семейге жетті.

kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 23:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31