Оқиға

Алматы вокзалында бетонды қаптама құлап, ер адам ауыр жарақат алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетонды қаптамасы ер адамның үстіне құлап кетті. Оның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына ауыр халде (бас-миының жабық жарақаты, бірнеше қабырғасының сынуы, гематороксы бар қос өкпесінің соққы алуы, плевропульмоналды шок, бел омыртқасының жарақаты, жамбасының жарықшақты сынығы, травмалық шок) жеткізілді. Дәрігерлер жансақтау бөлімі жағдайында диагностикалық және емдік шаралардың толық көлемін жүргізді», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, екінші тәуліктен соң науқастың омыртқасына ота жасалып, титан қойылды.

«Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Оңалту шаралары жасалып жатыр. Науқас барлық медициналық көмекті қажетті көлемде алды», - деді ведомстводан.

 




Көрілген: 175    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31