Оқиға

Алматыда 10 жастағы қыз жоғалып кетті

  • © ҚазАқпара

    © ҚазАқпара

Алматыда 10 жастағы оқушы қыз Анна Иванова жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қыз Түрксіб ауданы ВАЗ шағын ауданындағы үйінен таңғы 8:40-та шығып кеткен. Содан үйіне қайтып оралмады.


Алдын ала белгілі болғандай, қыз үйінен анасымен ұрысып шығып кеткен.


Туғандарының айтуынша, 11:00-де Анна - музыкалық мектепке, түстен кейін сабаққа баруы тиіс болған.


Ана Иванова №89 мектептің 3 сыныбында екінші ауысымда оқиды екен. Мектеп ұжымы Аннаны сабақта көрмеген.


Анна Иванова ашық жасыл түсті болон куртка, алқызыл майка мен көк шалбар киген. Қазір еріктілер №89 мектептің спорт залында іздестіру тобын құрып жатыр.


Ал полиция департаментінде осы бағытта тергеу-іздестіру тобы құрылды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы мен криминалды полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр.


 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31