Алматыда 16 қабатты үй өртке оранды. Адамдар балконнан секірді

01 тамыз 2023, 21:09

Алматының Ақкент ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Қызыл жалынға оранған үйдің тұрғындары амалсыздан балаларымен бірге терезеден секіріп, жан сауғалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Төтеншеліктердің айтуынша, 5-ші және 6-шы қабаттардың деңгейіндегі лифт шахтасында электр кабельдері жанған.

 

300 адам эвакуацияланды.

 

Зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz