Оқиға

Алматыда 2 ер адам автобус жүргізушісін пышақпен қорқытқан

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарап кетті. Екі ер адам қоғамдық көлік жүргізушісін соққыға жығып, оны пышақпен қорқытқан.


Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгенін көруге болады. Артынша олар бір-бірімен қол алысып, бір нәрсені талқылай бастады. Бір уақытта жолаушы азамат жүргізушіні соғып жібереді. Олардың қасына тағы бір ер адам жүгіріп келеді.


Бейнежазбадан қоғамдық көлік жүргізушісі өзіне соққы жаудырған азаматтарға оларды бейнекамера түсіріп жатқанын ескерткені көрінеді. Алайда, бұзақылар өзін агрессивті түрде ұстауды жалғастырып, жүргізушіні жабылып ұрады.


Деректер бойынша, "Бату Тревел" компаниясының директор орынбасары Серік Ұрымбаев оқиға 21 шілде күні орын алғанын жеткізген. Ол кезде автобус жүргізушісі жанармай бекетіне қарай бара жатқан.


"Автобустың алдына кенеттен көлік тоқтайды. Жүргізуші оған соқтығыспас үшін солға бұрылып, оған сигнал беріп кете береді. Одан кейін, ол көлік автобусты қуып жетіп, оған жол бермей қойған. Сол көліктегі ер адамдар автобус салонына кіріп, жүргізушіні соққыға жыққан. Видеода ол жері жоқ. Бірақ, олар оны пышақпен қорқытқан" , - деді ол.


ktk.kz


 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 09:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31