Оқиға

Алматыда 2 жасар баласын көшеге тасап кеткен ана іздестіріліп жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда полиция түнде көшеде табылған баланың анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Кішкентай баланың суреті әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұл баланы 20 сәуірге қараған түні аялдамадан ер адам тауып алған. Ол жалғыз қалған баланы үйіне апарып, жуындырып, киімін ауыстырып, тамақтандырған. Келесі күні полицияға келіп жағдайды мәлім еткен.

 

 

Полиция балаға жедел жәрдем шақырып, оны медициналық тексеруден өткізу үшін №2 балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Қазір ол ауруханада.

 

«Ювеналды полиция бөлімі мен Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі жасар баланың анасын іздеуде. Қазіргі уақытта оның аты-жөні белгілі болды. Оның екі баласы бар. Алатау ауданының полиция басқармасының мәліметінше, әйел осы баласын бірнеше рет тастап кеткен. Қазір оның тұрып жатқан жерін анықтаумен айналысып жатырмыз. Заңға сәйкес шара қолданыады», - деп хабарлады полициядан. Бала «мама» деген сөзден басқа ештеңе айтпайды.

 

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30