Алматыда 20 жастағы келіншек алып баланы дүниеге әкелді

13 желтоқсан 2021, 16:49

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Салмағы 6 келі 280 гр, бойы 66 сантиметр болатын сәби перинатология және кардиохирургия орталығында кесарь тілігі жолымен дүниеге келді. Оның анасы 20 жаста.

"Анасының жағдайы қанағаттанарлық. Бұл оның бірінші сәбиі. Бала анасының жанында. Сәбидің дені сау, ол дәрігерлердің бақылауында болады", - деді орталық директоы Гүлнар Нұрланова. 

Директордың айтуынша, бұл орталық тарихында дүниеге келген ең алып бала. 
"Алып балалар бізде болды. Соңғы рет 5 келі 800 гр болып туды. Бірақ 6 келіден асатын бала алғаш рет тіркеліп отыр", - деді Гүлнар Нұрланова. 

Stan.kz