Алматыда 21 жастағы жігіт квадроциклден құлап көз жұмды (видео)

26 қазан 2020, 10:00

Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған.

 

5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды.

 

Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім етті.

 

Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.