Оқиға

Алматыда 27 млн теңге қарызы бар «Toyota» жүргізушісі ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда 27 млн теңге қарызы бар «Toyota» жүргізушісі «Борышкер» іс-шарасы кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматыда сот орындаушылары мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірлесіп, «Борышкер» жедел-алдын-алу іс-шарасын өткізді.

 

«Іс-шара кезінде қатардағы бөлімшелердің жеке құрамына көлік құралдарын тоқтатудың негіздері мен тәртібі айтылды. Салынған айыппұлдар туралы хабарлама кезінде азаматтармен қарым-қатынас жүргізу пысықталды. Сондай-ақ мамандандырылған айыппұл тұрағына көлік құралдарын орналастыру тәртібін анықтайтын ҚР ІІМ бұйрықтар мен нұсқаулықтардың талаптарын бұлтартпау және қатаң сақтау қағидаттары туралы хабардар етілді. 3 күн ішінде 21 автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Көлік жүргізушілеріне 2 млн 72 мың теңге қарызы туралы хабарламалар берілді», &ndash деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

 

Мысалы, рейд кезінде тоқтатылған «Lada Granta» көлігінің 31 жастағы жүргізушісінің 1 млн теңге айыппұлы төленбегені анықталды. Тағы бір автокөлік жүргізушісі бір апта ішінде жол қозғалысы ережелерін сегіз рет бұзған. Бұл жолы айыппұлдың мөлшері 119 мың теңгеден асты.

 

9 қарашада Достық даңғылымен келе жатқан «Toyota» көлігі тоқтатылған. Көлік иесінің төленбеген 27 млн теңге қарызы бар болып шықты.

 

 

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31