Оқиға

Алматыда 9 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда ЗИЛ көлігі жол бойында велосипедтен құлаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұл оқиға бүгін сағат 11-де Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшамауданында Мөңке би мен Бесарыс көшелерінің қиылысында болды. Жүк көлігінің астына түсіп кеткен 2010 жылы туған ұл бала көз жұмды»,- деп хабарлады Алматы қалалық ПД.


Куәгерлердің айтуынша, бала велосипедпен Мөңке би көшесіндегі тротуардың бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Жүк көлігі де осы бағытқа бет алған. Бір кезде бала велосипедтен тура жолдың бойына құлап, жүк көлігінің дөңгелегінің астына түскен. Жүргізуші баланы басып кеткенін байқамаған.


«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚРҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс тиісті сараптамадан өтеді», делінген хабарламада.


 




 




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 16:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31