Оқиға

Алматыда VIP қонақтарға қызмет жасаған монша кешені тексеріліп жатыр (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде карантин кезінде жұмыс істеген моншаның видеосы тарады. Қазір полиция бұл жағдайды тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Instagram желісендегі megapolis.kz парақшасында жарияланған кадрдан көліктердің монша аумағына кіріп жатқанын көруге болады. Видео компьютердің экранынан түсірілген болу керек. Себебі кадрда монша кешенін бақылау камераларының жазбалары шығып тұрды.

 

"Алматыда орналасқан монша кешені төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген және VIP қонақтарды қабылдаған. Құзырлы органдардан осы тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылдауын сұраймыз", - деп жазды пост авторы.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/megapolis.kz/

 

Полиция департаментінің қызметкерлері видеоға қатысты пікір білдірді.

 

"Қазір Әуезов ауданының полиция басқармасы кінәлі адамдарды анықтауға және оларды жауапкершілікке тартуға қатысты қажет шараларды атқарып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, онда 476-бапқа сәйкес "Төтенше жағдай режимін бұзғаны" үшін жауапқа тартылады", - деп хабарлады ведомство қызметкерлері.

 

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31