Оқиға

Алматыда анасы мен баласын қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Алматы қаласының Бұрындай көшесінде әйел мен кішкентай баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы 9 тамыз күні болған еді.


Бұрындай көшесінде 23 жастағы келіншек пен оның 5 жасар ұлын «BMV» көлігі қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Бүлдіршін ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.


«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оны іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. 1986 жылы туған күдікті ұсталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасынан.


Сондай-ақ полициядан мәлім еткендей, азамат Д.-ға Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылуда: 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соғуы және 347-бабы – оқиға орнынан кетіп қалу.


 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31