Оқиға

Алматыда әнші Ксения Ашығалиеваның күйеуін сот ақтап шықты

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Алматыда сот әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

2019 жылдың 29 маусымында алматылық әнші Ксения Ашығалиева күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің өзін соққыға жыққанын айтып, айыптаған еді. Полиция бұл арыздың негізінде ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеген болатын. Бүгін аталған іс бойынша сот үкімі шықты.

 

Судья айыпталушы Бауыржан Ашығалиевті қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан айыпсыз деп тапты. Іс материалдарына сәйкес, жиналған дәлелдер айыпталушы мен куәгерлердің жауаптарына сәйкес келмеген.

Судья сонымен қатар, Алматы қалалық ПД басшысына Бауыржан Ашығалиевті заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін қаулы шығарды.

 

«Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып, ұрып-соққан.

 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 14:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30