Оқиға

Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты

  • © Photo : Алматы қ. ПД

    © Photo : Алматы қ. ПД

Полиция қызметкерлері "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінен оқ жаудырған ер адамға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

 

Күндіз 56 жастағы ер адам күзетшінің аяғына оқ атты. Күдікті оқиғадан соң сол тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерге тығылды. Полиция онымен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізді, оған полицейлер, прокурорлар мен оқ атушының таныстары жұмылдырылды. 

 

Алайда ол келісімнен бас тартып, есік жаққа оқ атуды жалғастырды. Баспалдақ алаңына қарай 30-ға тарта оқ атты.

 

Осыдан кейін полиция департаменті арнайы жасағының күшімен күдіктіні ұстау туралы шешім қабылданды. Алайда шабуылдың қажеті болмады.

 

Күдікті қолындағы қарумен бірге 17-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті.

 

Арнайы операция кезінде арнайы жасақтың қызметкерлері оқ атқан жоқ, адамды өлтірмейтін құралдар, яғни шу мен газ гранаталары қолданылды.

 

Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы қолданған қарудың кімге тиесілі екені анықталады.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 09:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30