Оқиға

Алматыда автобустан құлаған қызға қатысты тың дерек шықты

  • Facebook

    Facebook

Қала маңындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын "Жедел" ЖШС бүгін № 422 бағыттағы автобустың ашық есігінен бір бойжеткеннің құлап кетуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық мобильдік басқармасына сілтеме жасап.


- Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз бағдары бойынша Алматы-1 вокзалынан Ащыбұлақ ауылына қарай бет алып бара жатқан. Сол кезде жолаушы Аяла Нұрбол өз аялдамасынан өтіп кеткенін айтып, жүргізушіге тоқтауды сұраған. Жүргізуші автобусты жолдың оң жақ шетіне алып, көлік толық тоқтағаннан кейін есікті ашқан. Куәгерлердің айтуынша, автобустан түсерде құлаққаптағы қыз телефон экранынан көзін алмастан қадам басқан. Сол кезде ол жаза басып, жерге домалып түскен. Оқиға орнына жеткен жол полициясының қызметкерлері салонда отырған барлық жолаушылардан жауап алды. Куәгерлер жүргізушінің кінәсіздігін растаған, содан кейін де автобус өз бағдарымен ары қарай жұмысын жалғастырды, - делінген хабарламада.


Автопарк өкілі қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты шаралар қолданылатынын айтты.


Айта кетсек, бұл оқиға Алматыда 23 шілдеде сағат 13.30 уақытында орын алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі қызды ауруханаға алып кеткен. Желіде оқиға куәгері күн ыстық, сондықтан автобустың есігі ашық болғанын, одан бір қыздың құлап кеткенін жазған.


 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 17:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31