Оқиға

Алматыда автобустарға тас атып, терезесін сындырғандар ұсталды

  • Фото: facebook.com/Алматы қоғамдық көліктері

    Фото: facebook.com/Алматы қоғамдық көліктері

Алматы полицейлері қоғамдық көлікке тас атып, терезелерін сындырғандарды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полицейлер тексеру жүргізіп, нәтижесінде тәртіп бұзушылар ұсталды. Бұзақылар орта мектеп оқушылары болып шықты.

 

"Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар – қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары. Олар біздің ауданда тұрады. Балалардың заңсыз әрекеттері үшін олардың ата-аналары әкімшілік кодекстің 435-бабына (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл норманың санкциясы 7 АЕК (20 419 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

 

Бұл ретте жасөспірімдер ювеналды полицияның есебінде тұрады. Жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.

 

"Мені Алатау ауданы полиция басқармасына шақырды. Біздің автобустардың әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін", – деп қосты автокәсіпорын өкілі.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін автокәсіпорын басшысы Алатау облысының полиция басқармасына бұзақылық фактісі бойынша арыз жазған болатын. Ол бір ай ішінде белгісіз біреулер 25-маршруттағы бес автобустың терезелерін сындырғанын айтты.

 

 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31