Алматыда аялдамада тұрған қыздың аяғын көлік жұлып кетті
Алматыда аялдамада тұрған қыздың аяғын көлік жұлып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.
Жол апаты Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Ford көлігі жоғары жылдамдықпен батыс бағытта келе жатқан.
"Наурызбай батыр көшесіне жеткенде белгісіз себептермен жүргізуші Toyota Camry көлігін соғып кетеді. Нәтижесінде жолдың шетіне аударылып, аялдамада тұрған қызды қағып кетіп, ары қарай арықтан өтіп, ағашқа қарай барып соғылады", - дейді бағдарлама тілшілері.
Қазіргі уақытта қыздың жағдайы ауыр, ауруханада. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
ВИДЕО: www.instagram.com/p/B9VoIXynkqu/