Оқиға

Алматыда әйел адам суицид жасамақ болды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматының патрульдік полициясы суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

43 жастағы әйел өзін-өзі өлтірмек болды. Ол әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауынан шығып, өзін лақтырмақ болды.

 

Алайда өзіне-өзі қол жұмсау жоспары жүзеге асырылмады, полиция қызметкерлері араша түсті.

 

 

– Болжаммен уақыт – 11:30. Біз экипаж құрамында даңғыл бойымен жүрдік, көпірде тұрған әйел қоршаудың арғы бетіне шыққанын көрдік. Бірдененің дұрыс емес екендігіне күдіктендік. Алдымен мен оған жүгіріп бардым. Бірнеше секундтың ішінде мен әйелге жақындап барып, оны ұстап алдым. Содан кейін менің серіктесім, полицей Ермек Менгалиев келді. Бейтаныс әйелдің шығып кетуге тырысқанына қарамастан, біз оны қайтадан көпірге қарай сүйреп шығардық. Әйел адам қатты жылады, тіпті, ол бізге мас болып көрінді. Оның жағдайын ескере отырып, біз оны сұрақтармен мазалаған жоқпыз, мән-жайды түсіндіру үшін оны Бостандық аудандық Полиция басқармасына апардық, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ мамандандырылған батальонының аға инспекторы Ернұр Тілектес.

 

 

 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30