Оқиға

Алматыда әйел адамды бір мезетте екі көлік қақты (фото)

  • © Sputnik / Стрингер.

    © Sputnik / Стрингер.

Алматыда екі көлік қағып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.


Жол апаты Рысқұлбеков көшесі бойында Сүлейменов көшесіне жетпей болған.


Hyundai Accent көлігінен шыққан әйелді Mazda қағып кетеді. Қатты соққыдан ол қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түсіпті. Сол сәтте келе жатқан Toyota land Сruiser Prado тоқтап үлгермей, әйелдің аяғын басып кеткен.



Зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.


Екі жыл бұрын алматылық Екатерина Парафиева осыған ұқсас жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған еді. Құдықты басып, дөңгелегі жарылған Honda көлігінен шыққан Екатерина мен құрбысы көмек күтіп тұрады. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. Сол күні Екратеринаның аяғын кесіп тастады. Оның құрбысы қатты зардап шеккен жоқ.


 


 




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31