Оқиға

Алматыда әйел кісі балабақшадан 5 жасар баланы ұрлап кетпекші болды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Оқиға қаладағы Төлебаев және Гоголь көшелерінің қиылысында болған.


Тәрбиешінің айтуынша, олар балалармен серуендеп келіп, топқа кірген. Осы сәтте балабақшаға ұзын көйлек, қара көзілдірік және жиегі үлкен бас киім киген әйел кіріп келеді. Ол «Өтініш, Әлиханды шақырып жіберіңізші» деп айтқан екен. Өзін әпкесімін деп таныстырып, асығып тұрғанын айтады.


Баланың анасының айтуынша, оған тәрбиеші хабарласып, ұлын белгісіз әйел ұрлап кетпекші болғанын хабарлаған. Тәрбиеші балалармен бірге ғимаратты аралауға шыққан. Осы кезде оған ұзын бойлы, қара көзілдірік, ұзын көйлек киген әйел келіп, баланы алып кетпекші болған.


"Ол тәрбиешіден Әлиханды шақыруды сұраған. Өзін баланың әпкесімін деп таныстырып, шұғыл түрде Әлиханды алып кету қажет екенін айтқан. Баланың қолынан ұстап, оны тезірек далаға шығармақшы болған", - дейді баланың анасы Лаура Мусина.


Оның айтуынша, тәрбиешілер бейтаныс әйелдің сөзіне сенбей, баланы қолынан жұлып алған. Бейтаныс әйел баланың ата-анасы жол апатына ұшырағанын айтыпты.


Алайда бірнеше секундтан соң ол сөзінен айнып қалып, баланың анасы көлікте отыр деген. Ол баланың анасын шақырамын деп, балабақшадан шығып кеткен. Баланың анасы ол әйелді танымайтын болып шықты.


Алматы қаласы полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


ktk.kz


 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 09:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31