Алматыда «Барлық» базарынан өрт шықты

17 тамыз 2023, 18:00

Алматыда «Барлық» базары өртенді. Әлеуметтік желіде сол өртке қатысты кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, тілсіз жау «Барлық» базары аумағында тұтанған. Істемей тұрған фаст-фуд дүңгіршектері өртенген.

 

Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 14:55-те оқшауланып, 7 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп мәлімдеді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Айта кетсек, «Барлық» базары Райымбек даңғылының бойында, атышулы «Алтын Орда» базарына қарама-қарсы орналасқан.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz