Алматыда бетпе-бет соқтығысқан екі көлікте 7 адам болған

11 желтоқсан 2018, 10:11

"Шаңырақ-2" шағын ауданында Жанқожа батыр мен Сабыр Рахымов көшелерінің қиылысында екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.

Куәгерлердің айтуынша, ZAZ Chance автокөлігі Жанқожа батыр көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан, жүргізуші Сабыр Рахымов көшесіне жетпей рөлге ие бола алмай қалған. Көлік қарсы бетке шығып кетіп, Nissan Almero-мен бетпе-бет соқтығысқан.

Алматы облысында BMV мен Opel Vectra соқтығысып, 8 адам ажал құшты

Жол апаты салдарынан алты адам – ZAZ жүргізушісі және Nissan Almero-да отырған бес адам зардап шекті.

Дәрігерлер бір жолаушыны оқиға орнында тексеріп, үйіне жіберді, қалған алтауы ауруханаға жеткізілді.