Оқиға

Алматыда бизнес орталық отқа оранды (видео)

  • © Photo : ДЧС Алматы

    © Photo : ДЧС Алматы

Әлеуметтік желіде оңтүстік астананың іскерлік орталықтарының бірі өртеніп жатқан видеосы тарады. Кадр сыртында бір әйелдің айқайлаған ащы дауысы естіледі.

 

Осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

 

Instagram желісіндегі түрлі топтарда тараған видеода ғимараттың үшінші қабатындағы кеңселердің бірін жалын шарпығанын байқауға болады.

 

 

Өрт Алмалы ауданындағы Төле би көшесі 286/4 мекен-жайында орналасқан бизнес орталықта болған. Оқиға орнына келген мамандар өрт ошағында адамдар болмағанын анықтаған.

 

"Өрт сөндірушілер 15 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", &ndash деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ал кадрдан тыс әйелдің айқайы жөнінде өрт сөндірушілер ешқандай артық дыбыс естімегенін айтады.

 

"Өрт сөндірушілердің ақпараты бойынша олар оқиға орнына келген кезде айқай-шу болмаған. Бәлкім, өрттің алғашқы минуттарында ондай жағдай болған шығар. Өйткені, ол кезде жиһаздар мен құжаттар өртеніп жатқан", &ndash дейді департамент өкілдері.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31