Оқиға

Алматыда блогерді соққыға жығып, тонап кетті

  • ФОТО: PIXABAY.COM

    ФОТО: PIXABAY.COM

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

"Тәртіп болмайынша біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені театрдың жанында ұрып-соғып, тонап кетті", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

 

Сонымен қатар, автор қан-жоса болған бет-аузының суретін де жүктеген.

 

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы (қарақшылық) бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

 

"Қазіргі кезде Алмалы ауданының тәртіп сақшылары тарапынан тиісті шаралар қолға алынды. Жедел тергеу тобы құрылды. Шабуылдаушылардың жеке басын анықтау мен оларды ұстауға бағытталған жедел іс шаралар кешені жүргізілуде", – делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, Кудрявцев пен оның серіктес блогерлер тобы қоғам арасында қызу талқыланған жағдайларға қатысты түрлі кейіпкерлері бар бейнежазбалар түсірумен айналысады. Сондай-ақ олар Қазақстан қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көтереді.

 

Түсірілім тобы соңғы жұмысында Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынап, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған болатын.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31