Оқиға

Алматыда блок-бекеттегі жол апаты: Марқұм полицейдің жесірі 36 млн теңге талап етті

  • Алматыда блок-бекеттегі жол апаты: Марқұм полицейдің жесірі 36 млн теңге талап етті

    Алматыда блок-бекеттегі жол апаты: Марқұм полицейдің жесірі 36 млн теңге талап етті

 Алматыда блок-бекетке кезекшілікке шығып, қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі апатқа кінәлі адамнан 36 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Динара Аман өзінің талап арызын Қарасай аудандық сотының ғимаратында сот талқылауы кезінде айтты.

Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын Дастан мен Динараның баласы дүниеге келді. Қазір жас ана баласын жалғыз тәрбиелеп отыр және асыраушысынан айрылуына байланысты сотталушы Азат Азаматовтан 36 миллион теңгеден астам қаражат өндіруді қалайды.

Жесір әйелдің айтуынша, оның баласына 18 жасқа дейін ақша қажет. Айта кетейік, Дастан Әбдіқановтың жалақысы жыл сайын екі миллионнан астам теңгені құрады (айына 166 мың теңге шамасында).

Бұл ретте сотталушының адвокаты Марат Сұлтанбеков мұндай жағдайларда асыраушысынан айрылу бойынша төлемдерді мемлекет қарастыратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Азат Азаматовтың кінәсін толық мойындағаны хабарланды. Ол апатқа дейін ішімдік ішкен екен. Ер адам сонымен бірге апат болған сәт есінде жоқ екенін және тек аурухана ғимаратында есін жиғанын айтты.

Stan.kz

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30