Оқиға

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

  • Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

    Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

Toyota Camry жол апатының алдын алу үшін үшін рөлді бұрып жіберіп, бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған

Алматыда Наурызбай батыр - Мәметова көшелерінің қиылысында үш көлік жол апатына ұшырады. Көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Toyota Camry көлігі Наурызбай батырдың бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Мәметова көшесіне жетпестен, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кесіп өткен.

Соқтығысып қалмау үшін ол рөлді бұрып жіберген, содан Toyota Camry бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған. Осыдан кейін Toyota Camry көлігі сырғып барып, аударылып қалған.

Volkswagen Polo автокөлігі алдындағы Toyota Gracia көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы жарақат алды. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 22:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31