Алматыда бүлік шығарғандардың намаз оқыған сәті видеоға түсіп қалған

23 қаңтар 2022, 02:05

КТК арнасы «Алматы трагедиясы» кезінде медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін видеокадрлар арқылы көрсетті.

 КТК телеарнасы «Январь: хроника беспредела» атты деректі фильмде Алматы қаласындағы медиаорталыққа бүлікшілер қалай келгенін көрсетіп, сырттағы және іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларды жариялады, – деп жазады Экспресс К. Бұл медиаорталық Респулика алаңы маңында орналасқан. Видеодағы кадрға зер салсақ, бүлікшілер алдымен құлшылық етіп, намаз оқыған. Осыдан соң, кәсіби қарақшылар секілді іске кірісіп, ғимаратты бұзып-жарып ішкі кірген. Кадрдан үш адам есікті теуіп, сындырып жатқанын да байқауға болады. Араларында біреуінің бағыт-бағдар беріп, бейберекетті ұйымдастырып жүргені де видеоға түсіп қалған.

Деректі фильмде бүлікшілердің телеарнаға шабуыл жасауына негізгі себеп — тікелей эфирге шығу болғаны айтылған. Бірақ оларынан түк шықпаған соң, телевизиялық құрал-жабдықтарды сындырып, өртей бастайды.

«Олар «Мир» арнасындағы үш кабинеттің сау-тамтығын қалдырмады. Алдымен эфирге шығатын бөлмені, сосын құжаттар тұрған қабылдау бөлмесін және жаңалықтар шығатын ньюсрум бөлмесінің астан-кестенін шығарды, – дейді «Мир» арнасының журналисі Кирилл Харламов.

aikyn.kz