Оқиға

Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

  • Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

    Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

Алматылық дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып тастап, жержаңғаққа қақалып қалған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Балаларға арналған медициналық жәрдем орталығының хабарлауынша, медициналық мекемеге алты жастағы баланың анасы келіп, ұлының тиын жұтып қойғанын айтып көмек сұрған.


«Шұғыл түрде баланың асқазаны рентгенге түсірілді. Рентген кішкентай баланың асқазанында бөтен зат, яғни 100 теңгелік тиын бар екенін көрсетті. Дәрігерлер операциясыз эндоскопиялық жолмен асқазаннан бөтен затты шығарды. Ота сәтті өтті. Бүгін бала ауруханадан шығарылды», - деді жедел жәрдем бөлімінің бастығы Мейіржан Құрманалиев.


Осы тектес оқиға келесі күні де қайталанды.


«Біздің ауруханаға екі жасар бала кешкі уақытта түсті. Анасының айтуынша, баласы жержаңғақ қосылған шоколад жеп отырып қақалып қалған. Бүлдіршінің түні бойы мазасы кетіп, ыстығы көтеріліп, тынысы тарылған. Нәтижесінде анасы мен баласы жедел жәрдеммен біздің ауруханаға жеткізілді. Балаға кеуде қуысының рентгенографиясы, өкпенің компьютерлік томографиясы, бронхоскопия жасалды. Осыдан кейін «тыныс алу жолдарында бөтен зат тұр» деген диагноз қойылды. Тексеру барысында сол жақ өкпенің дем алмайтыны анықталды, бұл өкпенің абсцессіне әкелу қауіпін төндірді», - деді дәрігер.


Дәрігерлер жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, кішкентай науқасқа уақтылы көмек көрсетті. Қазір сәбидің жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.


Жалпы, жыл басынан бері шұғыл көмек көрсету орталығына әртүрлі заттарды жұтып қойған 120-ға жуық бала жүгінген.




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 20:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30