Оқиға

Алматыда екі көлік бетпе-бет соғылып, төрт адам зардап шекті (фото)

  • © Sputnik / Стрингер.

    © Sputnik / Стрингер.

Алматы қаласы Түрксіб ауданында жүк көлігі мен шетел көлігі бетпе-бет соқтығысып, салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға түсті.


Жол апаты Лавренев көшесінде Жұлдыз шағын ауданы мен 70-ші разъезд арасында кешкі бес кезінде болған.


Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Cefiro Лавренев көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Кенет, жылдамдығын азайтпастан, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетіп, "ГАЗель" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысады.


Қатты соққыдан екі көлікке де қатты зақым келді.


Көмекке ұмтылған куәгерлер жеңіл көліктегі төрт зардап шегушіні алып шыққан. Бәрі де ауыр жарақат алды. Ал "ГАЗель" жүргізушісі зардап шекпепті.


Қазір жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.







Sputnik


 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30