Оқиға

Алматыда газ жарылып, үй құлады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

29 шілде күні сағат 19:12-де Алматыда Жетісу ауданы Волочаевская көшесіндегі жеке үйлердің бірінде газ жарылды. Жарылыстан кейін үй құлады.

 

Сонымен қатар көрші екі үйдің шатырына да ішінара зақым келген. Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында үйден бір әйел адам табылды.

 

«Өрт сөндірушілер 49 жастағы әйелді үйінділер астынан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Денесін күйік шалған зардап шегуші 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Оқиға орнына 1 кинологиялық есеп, 8 құтқарушы, 109 құтқару қызметінің 2 техникасы, ТЖД-нен 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.

 

Алдын ала мәлімет бойынша 1970 жылы туған азаматша үйде жалғыз өзі тұрған. Жарылыстың себебі газ конфоркасының ашық қалуынан болуы мүмкін.

 

24.kz

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 13:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31