Оқиға

Алматыда жалғызбасты аналар алаяққа алданып қалды

  • Алматыда жалғызбасты аналар алаяққа алданып қалды

    Алматыда жалғызбасты аналар алаяққа алданып қалды

Алматыда жалғызбасты аналарды алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы полициясы, алаяқтық фактісі бойынша Алматы облысы Қарсай ауданының тұрғыны 47 жастағы О. атты азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Күдікті пәтерге мұқтаж және айтқан сөзге тез сеніп қалатын адамдарды өзінің туысы арқылы тауып отырған. Ол құрбандарына проблемалы пәтерлерді сатып алу кезінде «қызмет» ұсына алатындығын айтып, қажетті ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін қайта байланысқа шықпаған.


«Негізінен ол мемлекеттен жалғызбасты аналарға көмек бар деген сылтаумен 750 мың теңгеден астам ақшаны иемденген. Шындығында, күдікті қаланың тұрғын үй мәселелерін шешуге ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚРҚК 2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-дейді Алматы қалалық ПД Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Тұрыспаев.




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 15:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30