Алматыда жан түршігерлік жол апаты болды

01 қаңтар 2022, 22:53

Алматы қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарында көлік аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
Сағат 07:00 шамасында Toyota Camry жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser Prado көлігіне соғылған.

Ауыр соққыдан Toyota Land Cruiser Prado аударылған. Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы мен Toyota Land Cruiser Prado-ның жүргізушісі және жолаушысы жарақат алды - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Материал одан әрі тергеу үшін Әуезов ауданының ПБ ӘПБ-не жіберілді.

BAQ.KZ