Оқиға

Алматыда Жанармай стансасының құдығына түскен 3 адам уланып қалды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың мәліметтерін білу үшін құдыққа түсіп, уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл туралы ақпарат сонымен қатар Instagram желісінде де пайда болды.

 

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 27 сәуір күні сағат 18:37-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөмірлі пультіне Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесі 148/2 мекен-жайы бойынша жанармай құю станциясының аумағында орналасқан құдыққа есептегіш құралдағы мәліметтерді білу үшін жанармай станциясының 3 қызметкері түсіп, белгісіз газдан уланғанын хабарлады.

 

 

«Хабарды алысымен оқиға орнына қаланың шұғыл әрекет етуші қызмет өкілдері аттанды. Олар: «109 құтқару қызметі», Республикалық жедел құтқару жасағы, жедел медициналық қызметтің 3 бригадасы, Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен Полиция департаментінің өкілдері. Құтқару жұмыстарының барысында зардап шеккен 3 азаматты құдықтан алып шықты»,-делінген ТЖД мәліметінде.

 

Сондай-ақ мәліметте 3 адамның жақын арадағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілгені айтылған.

 

Зардап шеккендерге қажетті барлық көмектер көрсетіліп жатыр. Жағдай шұғыл қызмет өкілдерінің бақылауында.

 

Болған оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

 

 

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 03:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30