Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты - екі көлік бетпе-бет соқтығысты (фото)

  • © Sputnik / Стрингер.

    © Sputnik / Стрингер.

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына.


Жол апаты 6 қыркүйекке қараған түні Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болыпты.



Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Cresta көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол үстінде көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысты.



Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.


Көмекке ұмтылған куәгерлер көліктердің ішінен жүргізушілерді алып шықты, алайда олардың өмірлеріне араша түсе алмады. Екі жігіт те жан тапсырған екен.



Жантүршігерлік апаттан Toyota көлігінде отырған қыз ғана аман қалды.


Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіні қарап, шұғыл ауруханаға жатқызды. Қазір дәрігерлер қыздың өмірі үшін күресіп жатыр.


Жол апатының мән-жайы мен кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады.





Көрілген: 846    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30