Оқиға

Алматыда "жарылғыш зат" туралы хабарлама жіберілген 34 мектеп тексерілді

  • https://almaty.tv/kz

    https://almaty.tv/kz

Ғимаратта бомба бар. Алматыдағы бірқатар мектептердің электронды поштасына таңертең дәл осындай қорқынышты хабарлама келіп түсті. Әлдебіреу қомақты қаржы талап еткен. Келіп түскен хатта ақша уақытылы жіберілмесе бомба іске қосылады деп жазылған. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтсын.

 

 

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері іштегі мұғалімдермен бірге басқа да қызметкерлерді эвакуциалады. Арнайы жасақ білім нысанының іші сыртын иіс сезгіш иттермен тінтіп, жедел жұмысқа кірісіп кетті. Қаннен қаперсіз жұмыс істеп жатқан мұғалімдер мен айналадағы тұрғындар не болғанын білмей дал.

 

 

БЛИЦ

 

- Осы мектеп жанындағы авто жөндеу орталығында жұмыс істеп жатқам. 1 сағат бұрын бізді эвакуацияланды. Әлі де 1-1,5 сағат күте тұрыңдар деді. Бірақ бұл уақыт әлі де ұзаруы мүмкін.

 

Бұл қаладағы нөмірі 81 мектеп-гимназиясы. Хабар түскен бойда бірден іштегі қызметкерлер сыртқа шығарылған. Бұл мектепте қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Соған байланысты мұнда мұғалімдер мен оқушылар болмаған. Мектеп айналасы өздеріңіз көргендей қызыл лента байланған. Тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері, өрт сөндірушілер қандай да бір оқиға бола қалса әрекет етуге сақадай сай.

 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қаладағы 34 мектеп тексерілді. Абырой болғанда жарылғыш зат табылған жоқ. Қалған білім беру нысандары тексеріліп жатыр.

 

«Қаламыздағы полиция департаментінің қызметтерінің өкілдері қазіргі таңда бұл хабарламаны жіберген білгісіз біреуді іздестіруде. Ол міндетті түрде ұсталып, ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

 

Қаладағы «мина қойылған» мектептер саны сағат санап артты. Бүгін таңертең қаладағы 8 мектептің электронды поштасына білім нысанында жарылғыш зат бар деп хабарлама түскен еді. Кейіннен 12, араға уақыт салып 34 мектепке дәл осындай хат жолданған. Жарылғаш заттарды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 16:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31