Алматыда жасөспірімді мопед қағып кетті

06 наурыз 2022, 00:34

Байтұрсынов көшесіне жетпей, Шевченко көшесінің бойында жол апаты орын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шевченко көшесінде қат кептеліс пайда болды. Батыс бағыттан келе жатқан мопед жүргізушісі кептелісті айналып өтпек ниетте велосипедке арналған жолаққа шықпақшы болып бұрылады. Осы кезде күтпеген жерден көп көліктің арасынан екі жасөспірім жүгіріп шығады.

 

Жүргізуші олардан қашып, рөлді бұрмақ болады, бірақ бағытын өзгертіп үлгермей 2008 жылғы жасөсіпірімді қағып кетті. Жүргізуші де мопедімен бірге құлады.

 

Аяғы бірнеше жерден сынған, тістері де саудыраған жасөспірім жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің денесі сырылып, көгерген.

 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.