Оқиға

Алматыда жедел жәрдем көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Оқиға 17 наурызда сағат 9.00 шамасында Рұсқұлов пен Шәріпов көшелерінінің қиылысында болған.


Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі қиылыста сол жаққа бұрылмақ болған. Көліктер соқтығысқан. Жеңіл көлікті әйел адам басқарған.



Алматы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттіқ коммуналдық мамандырылған автокөлік кәсіпорнының басшысы Андрей Драгойдың айтуынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota көілігінде отырған екі қыз жеңіл жарақат алған. Оған қоса салонда жүкті әйел болған, бірақ оның баласын құтқару мүмкін болмаған.



"Бұл оқиғаны әкімшілік полиция өкілдері тексеріп жатыр. Біздің қызметкерден көлік жүргізу куәлігін алмаған. Оқиға егжей-тегжейлі тексерілмейінше ол жұмыстан шеттетілді. Куәгерлердің айтуынша, көліктің дабыл шамшырақтары қосулы болған", - деді Драгой.



 




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 20:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31