Оқиға

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен массаж салоны анықталды (видео)

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматы қаласында зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны анықталды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Полиция тексерісті өткен түні өткізді.

 

Жұмыс орнында өзін массажист ретінде көрсететін 13 жеңіл жүрісті қыз және қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болды.

 

 &ndash Мұнда жұмыс істеген екі әйел Өзбекстаннан, қалғандары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келген қыздар болып табылады. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын. Тексеру барысында  зәулім үйде интимдік бизнес үшін барлық жағдайлар жасалғаны анықталды, клиенттердің өтініштері бойынша мұнда сауна да жұмыс істейді. Біздің қызметкерлер барған кезде үйде адамдар көп болды. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілді. Алдымен олардың заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы арнайы есептер бойынша тексеріліп, кейін жауапкершілікке тартылды. Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Оның іс-әрекеттері жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсыну ретінде дәрежеленді, &ndash деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

 

 

Сондай-ақ полицейлер түнде өткізілген жедел іс-шаралар барысында тағы бес притон анықталғанына назар аударды, онда 14 әйел ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен, олардың үшеуі Өзбекстаннан, біреуі Қырғызстаннан келген.

 




Көрілген: 735    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31