Оқиға

Алматыда жоғалған жүкті келіншектің оқиғасы күтпеген жағдаймен аяқталды

  • © inalmaty.kz

    © inalmaty.kz

Еріктілер Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншектің табылғанын айтты, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


"Дана Цейзерді үш күн іздестірдік. Ол жүктілігінің 7-аптасында, үйден қомақты сомамен шығып, таксиге отырып, сол күйі оралмаған еді. Lider.kz еріктілері Алматыдағы барлық аурухана мен перзентхананы тексеріп шықты, "Саяхат", Көк базар, Арбатты аралып қайтты. Пәтерін жалға беретіндердің барлығынан сұрастырды. Дананы ешкім көрмеген болып шықты, телефоны да сөндірулі тұрды. Бір жарым сағат бұрын біреулер бір жүкті келіншекті Есік қаласы маңындан көрген екен. Еріктілер бірден сол жерге барып, келіншекті тапты", -деп жазған еріктілер тобы Instagram желісіндегі парақшасында.


Осылайша, олардың айтуынша, қыз осы күнге дейін күйеуімен жалдамалы пәтерде болған.


"Жолдасымен бірге сол жақтан пәтер жалдап тұрған. Олардың мұндай әрекетке неліктен барғаны әлі белгісіз. Бірақ осы күнге дейін өзін қоярға жер таппаған туыстарына жанын ашиды", - делінген еріктілердің хабарламасында.


Еске салайық, мұның алдында Алматыда 19 жастағы жүкті келіншектің жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Оны іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылған еді.


 




Көрілген: 3011    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31