Оқиға

Алматыда жоғалған қызды іздеуге 50 полиция қызметкері жұмылдырылды

  • http://bloknot-krasnodar.ru/

    http://bloknot-krasnodar.ru/

Алматыда тауда жоғалған турист қызды іздестірумен енді полиция айналысып жатыр. Іздестіру жұмыстарына 50 полиция қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 жастағы Панарғалиева Әселді іздестіру туралы іс Бостандық аудандық полиция басқармасында қозғалды.

«Қыздың туыстары полицияға хабарласқан уақытта бірден іс қозғалды. Дереу жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру жұмыстарына 50 полиция қызметкері тартылды. Жоғалған қыз қалада болуы мүмкін. Енді іздеу шаралары қаланың ішіне ауыстырылды. Таулы аймақта іздестіру шараларын ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы жүргізген болатын», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Қазір құқық қорғау органдары қыздың араласатын ортасын тексеріп жатыр.

9 қарашада 13:00 шамасында Әсел Панарғалиева Үлкен Алматы көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге қойған. Одан кейін байланысқа шықпаған.

Хабарламадан соң құтқару жасағы ауа райының қолайсыздығына, түк көрінбейтін қараңғылыққа қарамастан түнімен таудан іздестіріп шықты. Іздестіру шараларына, сонымен қатар, 11 адамнан тұратын кинологиялық құрам жұмылдырылды.

Бүгін Республикалық жедел құтқару жасағы таудағы іздестіру жұмыстарын тоқтатты.

 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30