Оқиға

Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелес шығарды

  • Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелес шығарды

    Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелес шығарды

Желіде Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілердің дауласқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан бірнеше ер адам апаттан кейін сөзге келіп қалғанын көруг болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр. 

"Алматы-Арасан шатқалындағы жол апаты. Mersedes жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған екі көлікті қағып кетті. Футболкасын шешіп тастаған ер адам бәріне оқталып жүрді", - делінген видео сипаттамасында.
Алматы Полиция департаменті өкілдері жол апаты 5 шілдеде сағат шамамен 17.00-де болғанын айтты

"А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұза отырып, мас күйде Mercedes маркалы көлігін басқарып, Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Mercedes автокөлігімен соқтығысты, одан әрі BMW маркалы көлігін қақты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобиль де зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске алды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.




Көрілген: 1111    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.07.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30