Оқиға

Алматыда жолаушылар автобусы төрт көлікті қиратты (фото)

  • © Sputnik / Стрингер

    © Sputnik / Стрингер

Алматыда қалалық №44 бағдарлы автобусы жол шетінде тұрған көлікті қатты жылдамдықпен қағып, ірі жол апатына себепші болды.



Көптеген куәгердің сөзіне сүйенсек, бағдарлы автобус Жандосов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Toyota RAV 4 көлігіне бар жылдамдықпен соғылды.



Қатты соққыдан шетел көлігі бордюрге шығып кетіп, тұрақта тұрған Toyota Camry көлігінің артына соғылады, ал Toyota өз алдында тұрған Subaru Forester автомобилін қағады. Subaru батыс бағытта кетіп бара жатқан Hunday машинасына соғылды.



Жол апаты салдарынан автобус және көліктердің бірінің жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында дәрігерлер бәрін қарап шықты, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Қатты зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.



Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды. Болжамдардың біріне сәйкес, автобустың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.


Sputnik


 




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 18:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31