Оқиға

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар алаңына соғыла жаздады

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Алматыда жүргізушісі жоқ көлік балалар ойнап жүрген алаңға кіріп кете жаздады. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Жүргізушісіз қозғалып кеткен көлік Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындарын дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желілерде әйел балаларымен бірге ойын алаңында жүргенде кенеттен көлік оталып, оларға қарай жылжи бастағанын айтып шағымданды.

 

"Кенеттен шу естілді, көлік жылдамдықпен ойын алаңының ортасында орналасқан орындыққа соғылды. Мен айғайлап, балаларды іздей бастадым. Көліктің ішінде ешкім болмады. Оны үйден оталдырды, жылдамдығы жоғары болды. Кейін көлік иесі шығып, қол тежегіші жұмыс істемейтінін айтып, орындықты итеріп, тыныш қана кетіп қалды. Мен әлі дірілдеп тұрмын", - дейді видео авторы.

 

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 13 сәуірде сағат 19.40-та Алатау ауданындағы Чуланов көшесінде болғанын айтты.

 

"Mazda-626 маркалы көлігінің 26 жастағы жүргізушісі өздігінен оталу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бетон жиекке, орындыққа және қоқыс жәшігіне соғылды. Алатау аудандық ПБ өкілдері бұл деректі тергейді, одан әрі шаралар қабылданады", - деді полицейлер.

 

 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 18:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31