Оқиға

Алматыда жүргізушісіз жүріп кеткен автобус балалы әйелді басып кетті

  • © sn.kz

    © sn.kz

Алматы облысында кеше қоғамдық көлікке қатысты оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Ләззат Тоқмолдаева.


Оның айтуынша, автобус жүргізушісіз қозғалған.


«Жолдан өтіп бара жатып, көзім автобусқа түсіп кетті. Жүргізушісіз қозғалып бара жатқан автобусқа жүргізуші секіріп мініп тоқтатқанша, артқы есіктен түскен балалы əйелді артқы доңғалағы мыжып өте шықты. Машинадан түсе сала жүгірдім. Қиналып жатқан ана мен балаға жедел жəрдем шақырып, шамамның келгенінше көмек қолын ұсынуға тырыстым. Жеті жасар шамасындағы ұл баласы аман екен. Шырылдап, "анашым мен інімді құтқарыңыздаршы"- деп жанұшыра айқайлайды. Жүрегім езілді...


Бұл апатқа себепші болған жеңіл көлік оқиға орынынан қашып кетті. Ол көліктен қашып барып осындай жағдайға душар болған автобус жүргізушісі не істерін білмей, ана мен баланы айналшықтап аман қалуларын тілеп жүрді. Жедел жəрдемге отырғызып, Алладан амандықтарын тілеп қала бердім. Алла жар болсыншы!» - деп жазды куәгер.


Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелді №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызған. Бет-сүйектері жарақаттанған деген диагноз қойылды.


Баласын балалар ауруханасына жеткізіп, хирургтар бастан-аяқ қарап шықты.


«Әйелге диагноз қойылды: ауыр дене жарақаты, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы, ішкі қан кету, кеуде жарақаты, кеуденің I-II дәрежелі жарақаты», - деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы.


sn.kz


 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 10:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31