Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен жұп елдің ашуын туғызды (21+)

26 шілде 2022, 17:27

Түрген шатқалына демалысқа келген адамдар еріксіз ұятты жағдайға куә болды. Егде жастағы еркек пен әйел айналасында бала-шағаның жүргеніне қарамастан, жыныстық қатынасқа түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экпресс К"-ға сілтеме жасап.

Шамамен 50 жастағы еркек пен әйелдің айналасындағыларға назар аудармай, аймаласа жөнелгені Алматы тұрғынының ашуына тиген.

 

Оқиға туралы баяндаған алматылық келіншектің айтуынша, олар анасының туған күнін атап өту үшін табиғат аясына демалысқа шыққан. Олардың маңына еркек пен әйел адам да отырып, ішімдік іше бастаған.

 

"Біз анамызды туған күнімен құттықтап жаттық. Егде жастағы әлгі екеуде демалып отырды. Алдымен, аймаласа бастады. Артынан ашық жыныстық қатынасқа түсті. Оны біз де, балаларымыз да көрді. Әйел қатты мас болды, сондықтан, не болып жатқаны бәрібір еді", — дейді келіншек.

 

Әрине, бұндай азғындыққа төзе алмағандықтан, оларға ескерту де жасаған. Алайда, кешірім сұраудың орнына әлгі ер адам аяқ киімін шешіп, демалып жатқан отбасыға лақтырып жіберген. Дегенмен, олардың қатты мас екенін көрген өзгелер полицияға арызданбадық дейді.