Оқиға

Алматыда кәріз құдығынан есі кіресілі-шығасылы үш адам табылды

  • Алматыда кәріз құдығынан есі кіресілі-шығасылы үш адам табылды

    Алматыда кәріз құдығынан есі кіресілі-шығасылы үш адам табылды

Есептегіш құралындағы көрсеткішті жазып алмақ болып құдыққа алдымен бір жұмысшы түскен. Ал қалған екеуі оны құтқармақ болыпты

Алматыда жанармай бекетінің үш бірдей жұмысшысы кәріз құдығына құлап, бақилық бола жаздады, деп хабарлады КТК.

Құдықта қалғандарды құтқару сәтін куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрда көрініп тұрғандай, нәжістен бөлінген газдың иісіне тұншыққан жұмысшылардың есі кіресілі-шығасылы.

Оқиға жанармай құю бекетінің аумағында болды. Есептегіш құралындағы көрсеткішті жазып алмақ болып құдыққа алдымен бір жұмысшы түскен. Ал қалған екеуі оны құтқармақ болыпты. Алайда өздері де уланып, құдықта есінен танып құлаған. Үш жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Метан газы ми мен өкпесін, бауырын зақымдаған. Соған қарағанда құдықта олар ұзақ уақыт жатып қалғанға ұқсайды. Себебі, у қанға да сіңген дейді дәрігерлер.

"Үш жұмысшы кәріз құдығында метан газымен уланған. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп құтқарып қалды. Әйтпесе оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді", - дейді Алматы қаласы құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Бауыржан Исабаев. 
Жұмысшылар техникалық қауіпсіздікті сақтамады деген болжам бар. Құтқарушылар оларды құдықтан шығарған кезде тыныс алу жолын қорғайтын құрал табылмаған. Полиция тексеру бастады.

Егер техникалық қауіпсіздіктің сақталмағаны анықталса, жанармай бекеті басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

sputnik.kz




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30