Оқиға

Алматыда қазаншұңқыр опырылып түсіп, қарт әйел зардап шекті

  • Видеодан кадр: kris_p_almaty

    Видеодан кадр: kris_p_almaty

"Сары-Арқа" базарының аумағындағы құрылыста қазаншұңқыр опырылып түсті. Бір адам зардап шекті деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Сары-Арқа" базарының аумағында жердің опырылып түскен видеосы тарап кетті.

 

Видео көп қабатты пәтерден түсірілген.

 

"Бәрі опырылып қалды. Дәл біздің үйіміздің алдында. Әйел зардап шекті. Міне мына қоршау, жер опырылып түсті. Міне олар құрылысты осылай жасайды", - дейді кадр сыртындағы келіншек.

 

Пікір қалдырған оқырмандар бұл "Сары-Арқа" базары екенін айтты.

 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиғаның салдарынан бір адам зардап шеккен. Қарт әйелді № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

 

Дәрігерлердің тексеруінен өткен соң пациентті тіркелген мекен жайы бойынша орналасқан емхананың невропотологынан амбулаторлық ем қабылдауға жіберген. Оған , бет және бас тінінің жеңіл жарақаты диагнозы қойылған.

 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 02:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31