Оқиға

Алматыда көлге батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

  • Алматыда көлге батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

    Алматыда көлге батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды

ТЖД қызметкерлері, 109 құтқару қызметтері, полицейлер мен еріктілер Алматының су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«18 шілде күні сағат кешкі 17-де 16 жастағы Р. есімді жасөспірім туыстарымен Сайран көлінде демалып жатқан кезінде оның жағажайға арналған шәркесін толқын 15 метрге алып кетеді. Жасөспірім аяқ кімін алмақ болып дереу суға түскен. Біраз уақыттан соң су тереңдеп, тұншыға бастайды. Осы кезде жағажайдағы құтқарушылар бозбаланың батып бара жатқанын көріп, құтқару шеңберін лақтыру арқылы дер кезінде көмек көрсетеді. Олар батып кету алдында тұрған жігітті аман-есен жағажайға шығарып, ата-анасына табыстайды. Абырой Қуанышқа орай, медициналық көмек қажет болмады», - деп мәлім етті Алматы қалалық ТЖД. Су қоймаларында демалып жатқан адамдар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Кейде мұндай әрекеттер қайғыға соқтырып жатады. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін ТЖД мен ПД қызметкерлері, еріктілер мен 109 қызметінің құтқарушылары қаладағы су қоймаларын күзетуде.
ҚазАқпарат




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 11:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30