Оқиға

Алматыда көлігімен блок-бекетті бұзып өтпек болған жүргізуші полицейді мерт қылды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

Сағат 05: 26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі, А.есімді қала тұрғыны #4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысты.

Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соғысқан, оның салонында екі полиция қызметкері болды.

 

Өкінішке орай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақаттардан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Оның әріптесі, Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

 

“BMW” жүргізушісі қамауға алынды.

 

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған Жалғас Жанғазиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады.

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31