Оқиға

Алматыда көлік қаққан адамды тағы бір көлік басып өткен

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

Алматыда көлік қаққан жаяу жүргіншіні екіншісі байқамай басып өте шыққан, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


Қайғылы оқиға түнде Алматы-Жетіген тас жолында, Өтеген батыр мен Байсерке кенті арасындағы жол учаскесінде орын алған.


Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Passat Өтеген батыр елді-мекенінен Байсерке ауылына қарай келе жатқан. Осы кезде арнайы белгісі жоқ жерден жаяу адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші тежегішті басқанмен, үлгермеді. Ол жолдан өтіп бара жатқан ер адамды оңдырмай соққан.



Қатты соққыдан жаяу жүргінші қарсы беттегі жолға ұшып түскен. Алған ауыр жарақаттан ер адам оқиға орнына көз жұмған. Оны оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдемдегілер растады. Полиция патрулі қайғылы оқиға орнын қоршай бастайды.



Осы уақытта Байсерке ауылынан Өтеген батырға қарай бағыт алған Mercedes апат болған жерден айналып, бірақ полицияға алаңдады ма екен, ол жағы белгісіз, жолда жатқан мәйітті байқамай тағы басып өткен. Салдарынан полиция қос жол апаты туралы хаттама толтыруға мәжбүр болды.


 




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 18:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30